Елорда күні қарсаңында, 2021 жылғы 2 шілдеде ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған композиторлар, суретшілер, ақындар шығармашылық одақтары өкілдерінің қатысуымен «Көне Бозоқ-Еуразияның түркі мұрасы» тарихи - мәдени жобасы басталды.

Құрметті достар!

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» сіздерді домбыра күнімен құттықтайды!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» 2021 жылғы 2 шілдеде Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған композиторлар, суретшілер, ақындар шығармашылық одақтар өкілдерінің қатысуымен «Көне Бозоқ - Еуразия түріктерінің мұрасы» атты далалық практикум өткізуді жоспарлауда.

16 июня 2021 года ученый секретарь Государственного историко-культурного музея-заповедника «Бозок» МКС РК Айнагуль Ганиева в рамках реализации Республиканского проекта «Создание Национального парка под открытым небом на основе археологических раскопок древнего городища Бозок» дала интервью в прямом эфире в новостном выпуске государственного телевизионного канала Турции «TRT» о ходе реализации проекта.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы 2021 жылдың 10 маусымында археологиялық ескерткіш пен жалпыұлттық маңызы бар киелі нысан – Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы көшпенділер жолымен» атты экспедициясының басталуы болып өтті.

2021 жылдың 28 мамырында ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің өзара іс-қимыл негізінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өңірлік музейлер арасындағы телекөпір форматында онлайн режимінде «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» жобасы бастау алды.

2021 жылдың 28 мамырында Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында "Бозоқ" қызметкерлері "Ұлттық музейдің" ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен барлық облыстық музейлермен телекөпір өткізеді.

2021 жылғы 9 сәуірде «Бозоқ» музей-қорығы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының Хабдулина М.К., Тлеуғабылов Д.Т., Дукомбайев А.Т., Кошман Т.В., Букешева Г.К., Сапарова К.С., Ғайса А.М., Бонора Ж.Л. ұжымдық монографиясы «Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» 2021 жылғы 15 наурызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Наурыз мерекесіне арналған «Қазақстанның киелі географиясы мен заманауи мәдениеті контекстіндегі Амал-көрісу мерекесі» тақырыбында этнографиялық мерекесін өткізді.