Ескерткіш Астана қаласының оңтүстік-батыс шетінде, Есіл өзенінің алқабында, Бозоқты көлінің шығыс жағалауының жұрнағында орналасқан. Ирригациялық жүйелермен қоса алғанда, ескерткіштің жалпы аумағы шамамен 40 гектарды құрайды.
Ескерткішті алғаш рет 1816 жылы И.П. Шангин Сарыарқаның кен орындарын барлау барысында анықтады. 1929–1930 жылдары өлкетанушы Л.Ф. Семенов қалашықтың алғашқы сызбасын жасады. Ол А.Х. Марғұланның 1950-жылдардағы картасында белгіленген. 1998 жылы К.А. Ақышев Шангин мен Семеновтың жазбаларына сүйене отырып, қалашықтың нақты орнын анықтады. 1999 жылы оның басшылығымен қазба жұмыстары басталып, 2014 жылға дейін М.К. Хабдулинаның жетекшілігімен жалғасын тапты.
Археологиялық кешен – бұл археологиялық тәжірибеде сирек кездесетін ерекше құбылыс, ол бір шағын аумақта әртүрлі хронологиялық кезеңдер мен мәдени дәстүрлерге жататын, және әртүрлі функцияға ие бірнеше ескерткіштердің шоғырлануын білдіреді.
Археологиялық кешеннің тарихи-мәдени маңызы «археологиялық палимпсест» механизмін айқын көрсетуінде. Басқаша айтқанда, археологиялық кешен – әр дәуірдің халқы бұрын қоныстанған аймақты жаңадан игеру арқылы мәдени ландшафты «қайта жазып» отырғанының айғағы. Осы палимпсестті ғылыми тұрғыдан талдау мен түсіндіру белгілі бір аймақта ұзақ уақыт бойы өрбіген тарихи-мәдени үдерістердің толық шежіресін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Археологиялық кешеннің бірегейлік дәрежесі табылған материалдардың сипатына байланысты. Алынған деректер ерекше құндылыққа ие деп танылу үшін олар екі негізгі өлшемге сай келуі қажет: 1) археологиялық кешен материалдарында көрініс тапқан тарихи-мәдени үдерістердің маңыздылығы мен ауқымдылығы; 2) материалдардың хронологиялық сабақтастығы, яғни аймақтың тарихи дамуының үздіксіздігін көрсетуі. важность и масштабность историко-культурных процессов, отраженных в материалах археологического комплекса; 2) хронологическая непрерывность материалов, позволяющих проследить историческое развитие региона на протяжении значимого временного отрезка.
Бозоқ археологиялық кешені бұл критерийлерге толық сай келеді, себебі ол дала өркениетінің мың жылдан астам тарихын айқындап, төрт мемлекеттік құрылым кезеңін қамтиды: Түркі қағанаты, Қыпшақ хандығы, Алтын Орда және Қазақ хандығы.
| Ескерткіш түрі | Мерзімдемесі | Қолданылуы | Мемлекет |
| Бозоқ қалашығы | (VII)VIII–IX ғғ. | орда-резиденция және культтік орталық | Түркі қағанаты |
| Бозоқ қонысы | X–XIII ғғ. | диқаншылардың қонысы | Қыпшақ хандығы |
| Бозоқ некрополі | XIII соңы – XV (XVI) ғ. | некрополь және мұсылмандық культтік орталық | Жошы ұлысы (Алтын Орда), Қазақ хандығы |
| Бозоқ II қыстауы | XIX ғ. – ХХ ғ. басы | қазақ қыстауы | қазіргі уақыт этнографиясы |