Ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зиманұлы Зиманов (1921–2011 жж.) туғанына 105 жыл толуына орай «Бозоқ» музей-қорығында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға ғалымның жиен туысы — Азмұханова Айман Махсотқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің қауымдастырылған профессоры арнайы келіп қатысты.

Кездесу барысында Айман Махсотқызы Салық Зиманұлы Зимановтың өмір жолы мен ғылыми қызметіне кеңінен тоқталып, шағын презентация арқылы ғалымның отандық құқық ғылымының дамуына қосқан сүбелі үлесін таныстырды. Сонымен қатар Ата Заң және конституциялық реформаларға қатысты маңызды, мазмұнды ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара аясында ғалымның ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында Салық Зиманұлы Зимановтың 10 томдық еңбегі арнайы мекемеге табысталды. Бұл қадам көрнекті ғалымның бай ғылыми мұрасын сақтау мен зерттеу ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады.

Аталған дөңгелек үстел отырысы ғалымның өнегелі өмірі мен мол ғылыми мұрасын дәріптеуге, құқықтық сананы арттыруға және жас ұрпаққа тағылым беруге бағытталған тағылымды шара болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »