Экскурсия және жобалық таныстырылымды музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Абат Рахим жүргізіп, Бозоқ археологиялық кешенінің тарихи маңызы, жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері және экспозицияда ұсынылған бірегей артефактілер жөнінде кеңінен мәлімет берді.
Жас ерекшеліктеріне қарамастан, оқушылар тарих ғылымына жоғары қызығушылық танытып, қойылған экспонаттардың жасалу мерзімі, қолданылу ерекшеліктері мен археологиялық деректердің ғылыми маңызына қатысты мазмұнды сұрақтар қойды. Бұл олардың зерттеушілік қабілеттері мен танымдық белсенділігінің қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға, ғылыми ойлау дағдыларын дамытуға және археология мен тарих саласына ерте жастан баулуға бағытталған маңызды ағартушылық бастама ретінде бағаланады.






