Бүгін Ата Заңымыз — Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол конституциялық реформалардың мәні, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудағы маңызына кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында құқықтық мемлекет қағидаттары, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қатысушылар жаңа Конституцияның қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауап алды. Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және Ата Заңның маңызын терең түсінуге ықпал етті.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »

ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Подробнее »