Бозоқ II қыстауы – XIX – XX ғасырдың басы

Бозоқ тарихының соңғы кезеңі қазақ қыстауымен байланысты. Бозоқ II қыстауы Нұра мен Есіл өзендерінің аралығында орналасқан ірі қоныс болған.Оның аумағында«бесқұдық» пештері бар екі-үш бөлмелі баспаналар мен нығыздалған қиға толы қоралар анықталған. Қыстауда өмір сүрген қазақтар ірі қара мал (48,1%) мен жылқыларды ұстаған (39,6%), ұсақ малдың үлесі төмен болған (9,5%).Мұндағы тұрғындардыңтұрмыс-тіршілігінде Ақмола қаласының нарығына ет-сүт өнімдерін өткізу маңызды рөл атқарған. Осылайша, Бозоқ II қыстауы қазақтардың экономикалық өмірін, сондай-ақ Ақмоламен сауда байланысын реконструкциялауға мүмкіндік береді. Құрылыстық шешімдер (қабырғалардың қалыңдығы, «бесқұдық» пештері, жылу сақтау шаралары), Кузнецов ыдыстары мен қытай фарфорларының ассортименті, сондай-ақ малдардың остеологиялық құрылымы – бұлардың бәрі жаңа экономикалық жағдайларға бейімделу стратегиясын нақтылауға септігін тигізеді.

Осылайша, Бозоқ II қыстауы қазақтардың экономикалық өмірін, сондай-ақ Ақмоламен сауда байланысын реконструкциялауға мүмкіндік береді. Құрылыстық шешімдер (қабырғалардың қалыңдығы, «бесқұдық» пештері, жылу сақтау шаралары), Кузнецов ыдыстары мен қытай фарфорларының ассортименті, сондай-ақ малдардың остеологиялық құрылымы – бұлардың бәрі жаңа экономикалық жағдайларға бейімделу стратегиясын нақтылауға септігін тигізеді.