Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында музей ісін дамыту елдің рухани-мәдени саясатын нығайтудың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, музейлер — халықтың тарихи жадысын сақтайтын, ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын және жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беретін маңызды мәдени институттар. Сондықтан музей саласын заман талабына сай жаңғырту, оның ғылыми, ағартушылық және танымдық әлеуетін арттыру аса өзекті.

Осы орайда музей инфрақұрылымын жетілдіру, қорларды сақтау мен зерттеудің заманауи әдістерін енгізу, цифрландыруды кеңінен қолдану, экспозициялардың мазмұнын байытып, келушілерге қолжетімділігін арттыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар аймақтық және ұлттық деңгейдегі музейлерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау, музей мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру мәселелері де маңызды бағыттар ретінде белгіленді. Бұл бастамалар музейлердің қоғам өміріндегі рөлін күшейтіп, мәдени мұраны сақтау мен оны келешек ұрпаққа жеткізуде сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin