
Ортағасырлық «Бытығай» қалашығынан табылған тас диірмен XIV–XV ғасырларға жатады. Ескерткіш Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы аумағында орналасқан. Диірмен 1-қазбаның солтүстік-батыс секторынан табылған. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұндай диірмендер Бытығай қаласының өндірістік кешенінде тек астық тартуға ғана емес, құрылыс материалдарын ұнтақтауға да пайдаланылған. Тас диірмен кварцит және басқа минералды шикізатты майдалау үшін қолданылып, ганч пен глазурь қоспаларын дайындау үдерісінде маңызды рөл атқарған. Бұл артефакт Бытығай қаласында дамыған құрылыс технологиясының және өндірістік мәдениеттің айқын дәлелі болып табылады.
Көлемі: Диаметрі – 72/75 см. Қалыңдығы – 10 см.
Дөңгелек тесігінің диаметрі – 14 см.
Беткі жағында диаметрі 6 см болатын екі ойық бар
Табылған жері:
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, ортағасырлық «Бытығай» қалашығының 1-қазбасы, солтүстік-батыс бөлігі.