
Ортағасырлық «Бытығай» қалашығынан табылған тас диірмен XIV–XV ғасырларға жатады. Ол Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы аумағындағы ескерткіштің 1-қазбасының солтүстік-батыс секторынан анықталған.
Археологиялық зерттеу нәтижесінде бұл диірмен тек астық ұнтақтау құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіру технологиялық үдерісінің маңызды бөлігі болғаны анықталды. Өндірістік цех аумағынан граниттен жасалған екі үлкен жернова табылған. Олар кварцит пен басқа да минералдық қоспаларды ұнтақтап, күйдірілген кірпіштер мен сәулеттік әшекей элементтерін дайындауға арналған ганч пен глазурь қоспаларының шикізаты ретінде пайдаланылған.
Бұл археологиялық олжа ортағасырлық Бытығай қаласында құрылыс өндірісінің жоғары деңгейде дамығанын және тас диірменнің өндірістік-шеберханалық кешеннің ажырамас бөлігі болғанын дәлелдейді..
Көлемі:Диаметрі – 64/67 см.
Қалыңдығы – 8 см
Дөңгелек тесігінің диаметрі – 8 см.
Ойықтың өлшемі – 5 см
Табылған жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, ортағасырлық «Бытығай» қалашығының 1-қазбасы, солтүстік-батыс бөлігі.
Ғылыми дереккөз: Сәкенов С.К., Бөрібаева С.Б., Букешева Г.К., Кукушкин А.И. Новые исследования на городище Бытыгай // Археология Казахстана, № 4 (14), 2021.
https://cyberleninka.ru/article/n/novye-issledovaniya-na-gorodische-bytygay