Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Өткен жылы да осы тақырыпта сұхбат алып, қалалық кезеңде жүлделі II орын иеленген болатын. Биыл да аталған байқауда бақ сынау жоспарланып отыр. Биылғы оқу жылында да осы бағыттағы ізденістер жалғасын табуда.

Түсірілім барысында Бозоқ қаласының тарихы, зерттелуі мен архитектуралық ансамблі туралы энциклопедиялық қысқаша мәліметтер ұсынылды. Сондықтан Бозоқ тақырыбы жас ұрпаққа отансүйгіштік, тарихи жад пен мәдени сабақтастықты насихаттауда үлкен мәнге ие.

Оқушы Гулямов Әлішерге алдағы байқауда сәттілік тілейміз! Оның ізденісі мен еңбегі жас ұрпақтың тарихқа қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраға деген құрметін нығайта берсін.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin