«Бозоқ-білім аумағы» ғылыми-танымдық, музей акциясы «Бірегей экспонаттар сөйледі»

«Музейге сый» акциясы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тарихи-мәдени «Бозоқ» музей-қорығына алашаның қолмен тоқылған ерекше, сирек кездесетін кілемі музей қоры толықтырды. Құнды жәдігерді музейге Ақтөбе облысының танымал тұлғасы, қоғам қайраткері, өлкетанушы Жібек апай Османқызы сыйға тартты. Бұл алаша Есқалиев Назардың отбасына тиесілі болған, оның әжесі шебер ісмер болған.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің құрметті салаларының бірі — дәстүрлі тоқымашылық. Әрбір қазақ отбасы тұрмысқа қажетті кілем-төсеніштерді өздері тоқып, қолдан жасаған. Алаша сияқты бұйымдар киіз үйдің ішкі көрінісінде маңызды рөл атқарған. Алашаның өрнегі кілемнің бүкіл бетінде қайталанатын нәзік, көркем ою-өрнекпен безендірілген. Кең жолақтар фон мен өрнек түстерінің алма-кезек ауысуымен ерекшеленеді. Мұндай жарқын әрі сәнді бұйымдар үй ішіне мерекелік көңіл-күй сыйлап, отбасы берекесі мен бақыттың белгісі ретінде қабылданады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »