Қазақ ән өнерінің қайталанбас тұлғасы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің Халық әртісі – ҚАЙРАТ БАЙБОСЫНОВ ӘУКЕНҰЛЫМЕН тағылымды кездесу өтті.

2025 жылдың 19 маусым күні “БОЗОҚ” музей-қорығында , ұлттық өнеріміздің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі ән мектебінің шебері, «Қазақстанның Еңбек Ері» төсбелгісінің, «Алтын жұлдыз» ерекше айырмашылық белгісі мен «Отан» орденінің иесі Қайрат Әуекенұлы Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық сұхбат өткіздік.

Кездесу барысында Қайрат Әуекенұлы өзінің өнер жолындағы естеліктерімен бөлісіп, дәстүрлі ән өнерінің терең мәні мен рухани маңызы туралы салиқалы ой-пікірлерін ортаға салды. Оның қазақ музыка өнеріндегі орны, ән мектебін жалғастырудағы еңбегі — жас буынға үлкен үлгі.

Кештің ерекшелігі – Қайрат ағаның шәкірті, талантты жас музыкант МЫҢБАЙ БЕК ортамызда, қазақтың төл аспабы – домбырамен бірнеше дәстүрлі Қайрат ағамыздың репертуарындағы шығармаларды орындады. Оның ішінде Ақан серінің терең сырлы «ІНКӘР-АЙ» әні мен Ақтілеу Сейілбектің әуезді «САРЫАРҚА» туындысы көпшілік көңілінен шығып,ерекше әсер сыйлады. Сонымен қоса ҚР Ұлттық музей қызметкері АРДАБИ МӘУЛЕТТЕқапы қалмай өз өнерін көрсетті

Бұл кеш — тек естелік қана емес, ұрпақтар сабақтастығының, дәстүр мен жаңғырудың көрінісі болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 11 маусым “БОЗОҚ”музей-қорық аумағында көрнекті жазушы, тарихшы-зерттеуші МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫМЕН мазмұнды кездесу өтті. Ол – XVIII ғасырдағы ұлт тарихының маңызды кезеңдерін арқау еткен «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» атты көлемді тарихи-көркем еңбектің авторы.

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ДАЛА ҚҰПИЯЛАРЫ» атты ашық аспан астындағы музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

Подробнее »