2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді. Іс-шара жалпыхалықтық «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІНЕ орай ұйымдастырылды.

2023 жылғы 5 шілдеде МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ РӘСІМ барысында Мемлекет басшысы ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ мемлекеттік рәміздердің патриотизм мен егемендіктің жарқын нышандары ретіндегі маңызын атап өтті: «Патриотизм – мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудан басталады. Біз мемлекеттік рәміздерді ұлықтау арқылы жас ұрпаққа жақсы үлгі көрсетіп, оларды патриотизм мен жасампаздық рухында тәрбиелейміз».

Іс-шара «Бозоқ» археологиялық саябағының «АРҚА» атты ОҢТҮСТІК КІРЕБЕРІС ПОРТАЛЫ алдында өтті. Акция аясында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен олардың халқымыздың тарихи дамуындағы рөліне арналған тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды. 100-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ орай патриоттық бейне және фотосессияларға қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара аясында музей-қорық қызметкерлерінің басты міндеті – жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, патриотизм, сабақтастық пен тарихи жады құндылықтарына негізделген дүниетанымды дамытуға ықпал ету болды. Ерекше назар ел болашағына деген жеке жауапкершілікті ұғынуға және ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ құрушы буынның белсенді өкілі болуға ұмтылуға аударылды.

«Бозоқ» музей-қорығының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтап, Тәуелсіздігіміз бен Егемендігіміздің нышандарына деген құрмет пен тағзымды сақтауға шақырады!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »