Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұлтымыздың дамуына бастар ең маңызды баспалдақ – бұл кітап. Сол себепті біз қоғамда жоғары деңгейдегі оқу мәдениетін бірізділікпен орнықтыруымыз қажет», – деп атап өтіп, оқырман ұлт қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұлтымыздың дамуына бастар ең маңызды баспалдақ – бұл кітап. Сол себепті біз қоғамда жоғары деңгейдегі оқу мәдениетін бірізділікпен орнықтыруымыз қажет», – деп атап өтіп, оқырман ұлт қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Бұл тұрғыда кітапханалар – білімнің, ағартушылық пен рухани байлықтың орталығы ретінде маңызды рөл атқарады. Мұндай бастамалар ұлттық бірегейлікті нығайтуға, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және «Жаңа Қазақстанды» құруға септігін тигізеді.

Осы ретте ғылыми-мәдени байланысты нығайтуға бағытталған жобалар ерекше маңызға ие. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отыраркітапханасы» ғылыми орталығы Мемлекеттік тарихи-мәдени «Бозоқ» музей-қорығына құнды сый жасады – Қазақстанның археологиясы, этнологиясы, мәдениеті мен рухани мұрасына арналған еңбектерден, тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерден тұратын кітаптар топтамасын табыстады.

Сыйға берілген кітаптар музей-қорықтың кітапхана қорын айтарлықтай толықтырып, маңызды интеллектуалдық ресурсқа айналады. Бұл басылымдар ғылыми-зерттеу, білім беру және ағартушылық жұмыстарда – дәрістер, көрмелер, экскурсиялар, семинарлар, әдістемелік материалдар дайындау барысында, сондай-ақ музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда кеңінен қолданылады.

«Бозоқ» музей-қорығының ғылыми кітапханасындағы әдебиеттерді жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылар, музей қызметкерлері, зерттеушілер, сондай-ақ мектеп пен колледж оқушылары белсенді пайдаланады. «Бозоқтың» ғылыми кітапханасы – бұл кез келген жан тарих, мәдениет және халықтың рухани тамырлары туралы білімін тереңдете алатын ашық әрі қолжетімді білім кеңістігі.

«Бозоқ» музей-қорығы «Отыраркітапханасы» ғылыми орталығына ғылыми-мәдени серіктестікті нығайтуға, музей ісін дамытуға және Қазақстанның рухани құндылықтары мен тарихи мұрасын насихаттауға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.

Кітап – жай ғана ақпарат көзі емес, ол – өткен мен келешек, ғылым, мәдениет пен қоғам арасындағы алтын көпір.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »