Іс-шара «Бозоқ» археологиялық паркінің ОҢТҮСТІК КІРУ ПОРТАЛ алаңында (Үркер мен Қараөткел тұрғын алаптарының арасында) өтеді. Қонақтардың жиналу уақыты - 18:30.
Фестиваль ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МҰРАСЫН сақтау мен насихаттауға арналған. Шара аясында мыңжылдықтардан жеткен дала өркениетінің тарихи сабақтастығы мен елорда — Астананың бастауында тұрған көне БОЗОҚ қалашығының археологиялық ескерткіш ретіндегі маңызы айшықталады. Сонымен қатар, көрермен қауым дәстүрлі қазақ вокал өнеріндегі «САЛ-СЕРІ» дәстүрін жалғастырып жүрген ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕРДІҢ өнерін тамашалай алады. Фестиваль шеңберінде «Бозоқ» ескерткішінің алауын жағу бойынша алғашқы ресіми рәсімін өткізіліп, қазақ дүниетанымындағы көне тазарту салты — «АЛАСТАУ» ғұрпы орындалады. Фестиваль соңында АРХЕОЛОГТАР МЕН ТАРИХШЫЛАР Еуразия кеңістігіндегі мәдени мұра туралы аңыздар мен деректерді ортаға салып, көрермендерді рухани сапарға шақырады.
Өтетін орны: «Бозоқ» археологиялық паркі, оңтүстік кіреберіс порталы
Байланыс телефондары: +7 705 157 19 35 +7 708 643 30 97