2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде «БОЗОҚ – БІЛІМ АУМАҒЫ» мәдени-ағартушылық платформасы аясында кезекті танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жолы елордалық №91 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 6-сынып оқушылары музейдің құрметті қонақтары болды.

Экскурсия барысында музей қызметкері КУАНДЫКОВА ГУЛЬНАЗ оқушыларға ежелгі Бозоқ қалашығының тарихи маңызы туралы терең ақпарат ұсынды. Бозоқ – ортағасырлық дала өркениетінің көрнекті ескерткіші, Ұлы дала тарихы

Сонымен қатар, археолог ҚАЗАНБАЕВ ЖАНБОЛАТ АСҚАРҰЛЫ оқушыларды қалашық аумағынан табылған көне жәдігерлермен таныстырып, олардың ғылыми маңызын, тарихи контекстегі орнын егжей-тегжейлі сипаттап берді. Экспозиция барысында оқушылар қыш құмыралар, темір бұйымдар және тұрмыстық заттардың ежелгі дәуірдегі қолданылу ерекшеліктерін өз көздерімен көріп, мол ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар – жас буынды отандық тарихты сүюге, мәдени мұрамызды құрметтеуге баулудың тиімді құралы.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 11 маусым “БОЗОҚ”музей-қорық аумағында көрнекті жазушы, тарихшы-зерттеуші МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫМЕН мазмұнды кездесу өтті. Ол – XVIII ғасырдағы ұлт тарихының маңызды кезеңдерін арқау еткен «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» атты көлемді тарихи-көркем еңбектің авторы.

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »