14 наурыз 2025 жылы, көктем мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында, ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Наурызнама» онкүндігін «Тарихи ғылым ардагерлеріне тағзым» атты мерекелік акциямен ашты. Бұл шара «КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ» құрметіне ұйымдастырылды.

Көктемнің келуіне жастар да, аға буын өкілдері де қуанды. Бүгінгі күнге дейін жеткен бұл мереке – мейірімділік пен алғыстың белгісі. Әсіресе, қысы алты айға созылатын Сарыарқа даласының тұрғындары үшін бұл ерекше күн болып саналады. Халық үшін бұл күн жаңа жылдың бастауы ретінде маңызды оқиға болып табылады.

Наурыз мейрамының алғашқы күні – «Көрісу күні – Амал мерекесі» аясында музей-қорық қызметкерлері «Тарихи ғылым ардагерлеріне тағзым» акциясы аясында тарихи ғылым ардагерлеріне алғыс білдірді. Олар Қазақстан тарихы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан белгілі археологтарды арнайы құттықтады.

Музей директорының орынбасары Беспалинов Әлишер Тілеуғазыұлы, ғылыми хатшы Мысыр Олжас Дәуренұлы және бас инспектор Қазанбаев Жанболат Асқарұлы тарих ғылымдарының докторы, тас дәуірінің археологы, профессор, ҚР Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының академигі, Ресейдің Петров ғылыми және өнер академиясының корреспондент-мүшесі Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетовке арнайы барды. Алдағы археологиялық экспедицияға дайындалып жатқан ғалым қонақтарды жылы қабылдап, өзінің бай кітапханасымен таныстырды. Кездесу барысында «Көрісу күні – Амал мерекесі» жайлы мазмұнды сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, музей қызметкерлері тарих ғылымдарының кандидаты, К.А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Қалымжанқызы Хабдулинаны да мерекемен құттықтады. Ғалымның ғылыми еңбектері Сарыарқаның өткенін зерттеуге және еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға үлкен үлес қосты. Марал Қалымжанқызы «Бозоқ» музей-қорығына «Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық парк құру» жобасын ілгерілетуде маңызды ғылыми қолдау көрсетуде. Кездесу барысында ол көрнекті археолог Кемел Ақышевтің кітапханасы мен жұмыс кабинетіне экскурсия жасап, музей қызметкерлерін алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, ғылыми жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар, құттықтауларды тарих ғылымдарының докторы, Берел қорғандарын зерттеуші, «Атырау Алтын Адамын» алғаш ашқан ғалым, әйгілі түркілік ғибадатхана «Елеке-Сазының» жаңалық ашушысы – Зейнолла Самашұлы Самашев те қабылдады. Ол ашық аспан астындағы Ұлттық парк жобасының негізгі ғылыми кеңесшілерінің бірі болып табылады. Кездесу барысында ғалым музей-қорық қызметкерлерін ғылыми еңбектерімен, зерттеулерімен таныстырып, Наурыз мерекесінің қазіргі Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ғалымдарға Қазақстан тарихын зерттеуге және мәдени мұраны сақтауға қосқан баға жетпес үлестері үшін терең ризашылықтарын білдірді. Мерекелік кездесулер ұрпақтар сабақтастығы мен ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын, сонымен қатар «Көрісу күні – Амал мерекесінің» ерекше рөлін – құрмет, бірлік және дәстүрлерді жаңғырту символы ретінде айшықтады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылдың 13 наурызында Наурызнама мерекелеу қарсаңында жаңа тұжырымдамаға сәйкес “БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония оркестрімен (бас дирижер Нұрлан Бекенов) бірлесіп, ,,Бозоқ әуендері: тарих пен дәстүр үндестігі" іс-шарасын өткізді.

Подробнее »

2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, К.А.Ақышев атындағы Археология ҒЗИ ғылыми қызметкері Брынза Татьяна Васильевнамен кездесу өтті.

Подробнее »