2025 жылдың 28 ақпанында Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері жұмыс күнін ұлттық киімімен бастады.

Бүгін Атырауда өтіп жатқан Үшінші Ұлттық Құрылтайдың отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайту маңызды міндет екенін атап өтті.

Қазақ халқының өзіндік мәдениетінің бастауы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген. Біздің мәдениетіміздің өзіндік ерекшелігі ұлттық киімде де өзінің жарқын бейнесін табады.

Тарихи-мәдени мұраны зерделеу, сақтау және насихаттау "Бозоқ" музей-қорығы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады, ол келушілерді киім заттарымен, қазақ ұлттық костюмін құрайтын аксессуарлармен таныстыруға ықпал етеді.

Біз ұлттық мәдениетті сақтап, дамытуымыз керек.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зиманұлы Зиманов (1921–2011 жж.) туғанына 105 жыл толуына орай «Бозоқ» музей-қорығында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Подробнее »

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »