2025 жылғы 4 наурызында ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы кеңсесінде «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында Ә.Кекілбаев ат. Binom school мектеп-лицейінің білім алушыларына арналған музей сабағы өтті.

6 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Тумлемисова Гуляйман жетекшілігімен «Бозоқ қалашығы» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

«Бозоқ» музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Жанболат Асқарұлы Қазанбаев кеңес беріп, көлемді макет негізінде Бозоқ ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы туралы айтып берді.

Сынып жетекшісі Тумлемисова Гуляйман мектеп оқушыларын музей сабақтары мен экскурсиялар арқылы ел тарихын тереңдетіп зерттеуге белсенді тартады.

Музей сабағы белсенді, мазмұнды және танымдық оқыту үшін, сондай-ақ оқушылардың Қазақстанның тарихи мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыру үшін керемет мүмкіндік болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin