"Бозоқ" музей-қорығының кітапханасы бүгін Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай 80нші жылдары шыққан жазушының шығармалар жинақтарын ұсынады.

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Атбасарда дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысының қатысушысы, майданнан кейін жазушылықпен айланысты. Ілияс Есенберлин Қазақстандағы және шетелдегі ең көп оқылатын жазушы болып саналады. Оның Қазақ хандығының (XV-XIX ғасыр) бес ғасырлық тарихындағы тарихи оқиғаларды қамтитын “Көшпенділер” романы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Кітап Әбілқайыр, Жәнібек, Керей және Кенесары сияқты ұлы хандар тағына таласудың, қазақ халқының жоңғарлармен және басқа елдердің басқыншыларымен бетпе-бет келуінің оқиғаларымен қызықты.

Ілияс Есенберлин 17-ге жуық роман жазды, онда сол кездегі өзекті тақырыптар көтерілді: ұжымдастыру кезіндегі аштық, тың игерудің салдары, ұлттық зиялы қауымның қайғылы рөлі және т.б. жазушының шығармалары халықтың тарихи жадының қалыптасуына үлкен үлес қосты, оның шығармашылығын біздің замандастарымыз да зерттеуді жалғастыруда.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы ҚАРАӨТКЕЛ ауылының IT МЕКТЕП- ЛИЦЕЙІНІҢ ұйымдастыруымен өткен аудандық конференцияға қатысты.

Подробнее »

2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің "БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Астана қаласы әкімдігінің "ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

Подробнее »