ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары үшін "Тарих призмасы арқылы тәуелсіз Қазақстанның болашағына жаңа көзқарас" тақырыбы бойынша көшпелі музей-сабағын өткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2024 жылғы 13 желтоқсанда тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және жас ұрпақта өз елінің тарихын зерделеу арқылы рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары үшін "Тарих призмасы арқылы тәуелсіз Қазақстанның болашағына жаңа көзқарас" тақырыбы бойынша көшпелі музей-сабағын өткізді.

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Қасым –Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының Тәуелсіздіктің терең мәнін түсінуі маңызды екенін атап өтті.

Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезініп, жетістіктерін сақтап, нығайта түсу – бұл ең маңызды міндет – тек әділ мемлекет пен жауапты, патриоттық азаматтардың күш-жігерін үйлесімді ұштастыру, сондай-ақ мәдени кодымызды уақыт талабына тұрақты бейімдеу арқылы ғана мүмкін болады, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Құлжанова Бақыткүл Темірбайқызы білім алушыларды Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен таныстырды.

Тәуелсіздіктің арқасында " Бозоқ көне қалашығының археологиялық орны негізінде ашық аспан астында ұлттық саябақ құру" ауқымды жобасын жүзеге асыру мүмкін болды.

Мектеп оқушыларының назарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған "Бозоқ" жобасын іске асыру туралы бейнефильм ұсынылды.

"Бозоқ" музей-қорығының ғылыми қызметкері Жанболат Қазанбаев Бозоқ ашық аспан астындағы ұлттық саябағын құру жобасы туралы айтып берді.

Музей сабағы музей қызметі бағыттарының бірі ретінде білім алушылардың ел тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »