Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР МАМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қазақ халқының материалдық емес мәдени мұрасын дәріптеу мақсатында 2024 жылғы 12 желтоқсанда Еуразия халықтарының дәстүрлеріне арналған, шабандоздың ең архаикалық және полисемантикалық атрибуттарының бірі туралы «Қамшының қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәртебесі мен символикалық маңызы» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізуді жоспарлап отыр.

«Қамшы» сөзінің тамыры ежелгі түркі тілінде — qamčï, яғни «қамшы», дегенді білдіреді. Қазақ мәдениетінде қамшы ежелден ат құралдарының ажырамас бөлігі болған және қасиетті дәстүрлерді бейнелеген. Ол батырдың әскери тектілігі мен күшін бейнеледі, сонымен қатар шамандық рәсімдердің маңызды атрибуты болды.

Тарихи тұрғыдан қазақ шабандозын қамшысыз елестету мүмкін емес. Бұл атрибут оны туғаннан бастап өмір бойы сүйемелдеп, қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналды. Қамшының ғасырлық тарихы көшпенділердің өмір салтын қалыптастырған дәстүрлер мен рәсімдермен тығыз байланысты.

Қазақ жазушылары да осы символға назар аударып, өз шығармаларында қамшыны атап өтті. Олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы, М.Есламғалиұлының «Әйтеке би» кітабы және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»шығармалары ерекше көзге түседі. Бұрын қамшы көшпелі өмірдің міндетті атрибуты және жауынгер шабандоздың таптырмас аксессуары болған. Бүгінде ол өнер туындысына, ерекше сыйлыққа, күш пен батылдықтың символына айналды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жетекші отандық ғалымдар, археологтар, этнологтар, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елорданың мектептері мен колледждерінің тарих пәнінің мұғалімдері, білім алушылары, мәдениет қызметкерлері мен жұртшылық өкілдері қатысады.

Этнограф Болат Бопайұлының «Қазақ қамшысы» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл жұмыс тек қазақ халқы үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік мәдениет пен дала өркениетін зерттеу үшін де маңызды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері ғасырлық тәжірибе мен даналықты сақтай отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізіне айналды. Мыңжылдықтар бойы бізге жеткен құндылықтарды құрметтеу, сондай-ақ ұмытылған дәстүрлерді жаңғырту біздің халқымыздың жалпы тарихи контекстегі рөлін түсінуге ықпал етеді.

Біз іс-шараға қызығушылық танытып, қатысқы келетіндерді маңызды оқиғаға қосылуға, қазақ мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігіне бірге қатысуға шақырамыз.

Халықаралық ғылыми семинарға ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн қатысу мүмкіндігі бар. Идентификатор: 259 930 4549. Коды: 112233

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Басталуы: сағат 11.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999-062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары үшін "Тарих призмасы арқылы тәуелсіз Қазақстанның болашағына жаңа көзқарас" тақырыбы бойынша көшпелі музей-сабағын өткізді.

Подробнее »

Жаңалықтар 24KZ Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. Оқырманға жол тартқан жаңа жинақ «Қазақ қамшысы» деп аталады. Көшпенді халықтың тұрмысы мен салтын, мәдениеті мен ғұрпын дәріптеген еңбектің авторы – жазушы-этнограф Болат Бопайұлы. Ол жауһар жәдігер саналатын ұлттық бұйымның киесі мен қасиетін, тарихтағы орнын кітапқа сыйдырған.

Подробнее »