Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында өз елінің тарихын зерделеу арқылы өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу және рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы шеңберінде 2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясында көшпелі музей сабағын өткізді.

Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Музыкалық үйірмеге қатысушылар "Ер тұран"күйін орындады.

"Бозоқ" музей-қорығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған "Бозоқ ежелгі қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру" жобасын іске асыру бойынша фильмді балалардың назарына ұсынды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, "Бозоқ" музей-қорығының “Бозоқ" және А. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ганиева Айнагүл Сәбитқызы кездесуге қатысушыларды "Бозоқ" ежелгі қалашығы - археологиялық ескерткішпен, аты ұлттық мұраға жазылған археолог ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтің ғылыми мұрасымен таныстырды. Қазіргі ұрпақ үшін Кемел Ақышев мамандық пен өмірге деген көзқарастың көрнекті тұлғасы және үлгісі болып қала береді.

Музей сабағы, музей қызметі бағыттарының бірі ретінде, білім алушылардың ел тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin