2024 жылғы 16 мамырда ҚР МАМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында халықаралық музейлер күніне арналған "БОЗОҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ" музей мерекесі өтті.

Биылғы Халықаралық музейлер күнінің тақырыбы - "Музейлер, білім және ғылыми зерттеулер". Ол мәдени институттардың біртұтас білім беру тәжірибесін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін атап көрсетеді және саналы, тұрақты және инклюзивті/алуан түрлі әлем құруға итермелейді.

Музей мерекесіне Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясының және Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентінің орта мектеп-гимназиясының білім алушылары қатысты. "Бозоқ әлеміне саяхат" музей мерекесін "Бозоқ" музей-қорығының директоры, п ғ. к. Бурбаева Сәуле Бөкиейанқызы ашып, балаларды ұлттық парк құру жобасымен таныстырды және "Бозоқ"паркінің көлемді макеті бойынша экскурсия өткізді. Оқушыларға балалар шығармашылық студиялары ұйымдастырылды.

Беспалинов Әлішер Тілеуғазыұлы, директордың орынбасары, суретші-өнертанушы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі "Шығармашылық шеберханада" балаларға бейнелеу өнерінің негіздерін үйретті.

"Анимация-өнер түрі ретінде" анимациялық суреттерін жасау бойынша шеберлік сабағын суретші – фотограф Жапаров Бекен Байзақұлы өткізді.

Сыдығалиев Сұңқар Маратұлы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу бойынша "Мәдени мұра"интерактивті музей сабағын дайындады. Балалар тарих пен мәдениетті білуге арналған викториналар мен конкурстарға қатысып қана қоймай, тарих ескерткіштері туралы қосымша ақпарат алды.

Бақытжанова Қымбат Бақытжанқызы оқушыларды археологиямен таныстырып, "ғажайып қазбалар"шеберлік сыныбын өткізді. Ежелгі дәуірдің құпияларын ашып, артефактілермен камералдық жұмыстың негіздерімен таныстырды.

Артефактіні зерттей отырып, білім алушылар өздері үшін жаңа білім беру мақсаттарын тұжырымдайды және оларға жету жолдарын дербес жоспарлайды.

Музей мерекесінің соңында әр қатысушы сыйлық ретінде дәптер мен қалам алды. Музей жұмысымен танысқан балалардың ынталы жүздерін көру өте қуанышты болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан «О недрах и недропользовании» по вопросам совершенствования недропользования в сфере углеводородов и урана»Текст Закона публикуется в печати.

Подробнее »

Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» Министерства культуры и информации Республики Казахстан подводит итоги республиканского дистанционного конкурса, приуроченного ко Дню Республики, среди обучающихся организаций общего среднего, технического и профессионального образования 2025 года на тему: «Елорда тарихындағы Ежелгі Бозоқ қалашығы»

Подробнее »