«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» өз елінің тарихын зерделеу арқылы өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу және рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында көтерілген негізгі мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және зерттеуге көп көңіл бөледі.

Жалпыұлттық бірегейлікті нығайту тұрғысынан халқымыздың ғылымы мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлық күндерін атап өту пайдалы болады. Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл, Әлкей Марғұланға 120 жыл және Кемел Ақышевке 100 жыл толады.

Дарменов Рүстем Тұрарбекұлы «Бозоқ» ашық аспан астындағы ұлттық саябағын құру жобасы туралы айтып берді.

Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ганиева Айнагүл Сәбитқызы кездесуге қатысушыларды археолог ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтің ғылыми мұрасымен таныстырды, оның есімі әлемге танымал болған ескерткіштердің Бесшатыр қорымының сақ пирамидалары, Есік қорғанынан шыққан «Алтын жауынгер», аңызға айналған ежелгі Отырар, Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалары, Бозоқ қалашығының ашылуы мнн зерттеуінің арқасында еліміздің ұлттық тарихына жазылған. Қазіргі ұрпақ үшін Кемел Ақышев мамандық пен өмірге деген көзқарастың көрнекті тұлғасы және үлгісі болып қала береді.

Ғылыми қызметкерлер Бақытжанова Қымбат Бақытжанқызы мен Сыдығалиев Сұңқар Маратұлы елордамыз – Астана қаласының мыңжылдық түпкі атасы Бозоқ ежелгі қалашығы туралы айтып берді.

Ерте ортағасырлық Бозокқ қалашығы-Қазақстанның дала аймағының алғашқы ауқымды зерттелген ескерткіші. Археологиялық зерттеулер ескерткіште 1000 жылдан астам тарихты анықтады. Бұл аумақты VIII ғасырда ежелгі түріктер, содан кейін Х-ХІІ ғғ. оғыз-қыпшақ тайпалары игерген, Жошы Ұлысы (XIII-XIV ғғ.) дәуірінде ескерткіш аумағы Нұра-Есіл өзенінің қасиетті орталығына айналды. ХУІІ-ХІХ ғғ. қазақ қыстауы осында орналасқан. Астана қаласы жаңа тәуелсіз Қазақстанның астанасы болып табылады.

Қазақстан тарихы бойынша музей сабақтары тарихи-мәдени мұраны танымал етуге және еліміздің тарихын терең зерттеуге ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin