Өткен маусымдағы археологиялық зерттеулерді талдау және жазбаша дереккөздермен салыстыру негізінде Бытығай қалашығын XIV-XV ғасырларға жатқызуға болады және Қазақстанның дала аймағының орта ғасырларындағы маңызды экономикалық және саяси орталықтардың бірі ретінде қарастыруға болады.
Археологтар көптеген туристерді осы жұмбақ ескерткіштің тарихымен және археологиялық қазбаларымен таныстырады. 2022 жылдың далалық маусымы ғалымдарға Ұлы Дала тарихының зерттелмеген беттерін ашуға мүмкіндік беретін материалдар әкелетініне сенімдіміз.