2022 жылдың 19 мамырында ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ-білім аумағы» мәдени-білім платформасы және Халықаралық музейлер күні аясында Нұр-Сұлтан қаласының Мұстафа Шоқай атындағы № 51 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушыларына «Ежелгі стационарлық кешендерді музейлендіру мәселелері: проблемалар мен перспективалар»тақырыбында музей сабағын өткізді.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы Айнагүл Сәбитқызы Ғаниева болашақ Ұлттық парктің көлемді макеті бойынша музей сабағын және экскурсия өткізді.

Балалар Бегеева Салтанат Қосарқызының жетекшілігімен ежелгі Бозоқ қалашығы-археологиялық ескерткіштің материалдары бойынша ғылыми жоба жазуды жоспарлап отыр. Қазақстан тарихы бойынша музей сабақтары тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратуға және еліміздің тарихын тереңдетіп зерделеуге ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin