2022 жыл басталды. Барлығымыз үшін маңызды міндет "Бозоқ" тарихи-мәдени жобасын алдыға жылжыту болып табылады.

Ұлы Жібек жолында орналасқан Бозоқ және Бытығай қалашықтарында археологиялық зерттеу бойынша ғылыми жобаларыда жалғасын табуда. Этнографиялық жобада жаңа этапқа өтті. Бозоқ қалашығын қалпына келтіру бойынша, Елорда әкімшілігінің арқасында құрлыстың бірінші кезегінің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы уақыттарда ғылыми қызметкерлері болашақ музейдің ішіндегі экспонаттарына музейлендіру бойынша концептуалды шешімдері бойынша ізденістер жүргізуде. Алға қойған мақсаттар мен міндеттер көп. Жобаның ауқымдылығын ескере отырып әр түрлі орталармен ынтымақтастық орнату керек. Ынтымақтастықтың арқасында жобаның жанашыр достары көп!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »