2021 жылдың 3 желтоқсанында «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қ. Ақышев атындағы ғылыми залдың ашылуына қатысты. Осы мақсатта К.Ақышев атындағы ҒЗИ археологтың жеке заттары, фотосуреттері, кітаптары, қолжазбаларын табыс етті.

Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина Кемал Ақышевтың өмірі мен ашқан жаңалықтары, жеке заттары, музыка мен әдебиетке бейімділігі туралы әңгімеледі. Кемал Ақышевтың шәкірттері мен әріптестері, қазіргі кезде өз заманының жетекші археологтары Зайнолла Самашев, Арман Бейсенов, Жәкен Таймағамбетов естеліктерімен бөлісті.

Директордың қор қызметі жөніндегі орынбасары Абай Сатубалдин Қ.Ақышев атындағы зал Л.Н.Гумилев ЕҰУ-дің тарих факультеті мен ҚР Ұлттық музейі арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқаратынын атап өтті. Мұнда семинарлар, конференциялар, білім беру курстары өтеді, сонымен қатар студенттер, зерттеушілер ғалымның құжаттары мен кітаптарына қол жеткізе алады.

Шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің археология және этнология кафедрасының меңгерушісі - Ұлан Үмітқалиев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология бөлімінің меңгерушісі - Ринат Жұматаев, Бозоқ музей-қорығының ғылыми хатшысы – Айнагүл Ғаниева, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы Археология институты филиалының директоры– Азат Айтқали қатысты. Іс-шара достық және жылы атмосферада өтті, қонақтар арасында музейлердің ғылыми қызметкерлері, студенттер мен магистранттар да болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »