ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Сұрағанова Зубайда Қабиқызы Омбыдағы конференцияда «Этнографиялық музей мерекелері форматындағы қазақтардың дәстүрлі халықтық салты» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты II Халықаралық алтаистік форумына баяндама жолдады. Форум 2021 жылғы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алтай мемлекеттік университетінің алаңында өтеді, онда Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Германия, Дания елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары, бейінді Ғылыми-білім беру орталықтарының басшылары кездеседі, олардың зерттеулері үлкен Алтайға– Ресей, Қазақстан, Қытай және Моңғолия шекараларының түйіскен жеріндегі бірегей макроөңірге, Алтай тілдік отбасы халықтарының бесігіне арналған.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »