Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылғы 16 тамызда Бозоқ археологиялық ескерткіші аумағында экскурсияларды белсенді түрде өткізуде.

Нұр-Сұлтан қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдері ежелгі Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру жобасымен танысуға ниет білдірді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысы қарт адамдарға денсаулықты қолдау, қолайлы және кедергісіз орта құру, оларды қоғамдық өмірге тарту бойынша көмек көрсетуге бағытталған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) барлық елдерінің ішінде Қазақстанда 65 жастан асқан адамдардың ең азы 1,5 млн.адам немесе бүкіл халықтың 7,8% - ы құрайды.

«Бозоқ» музей-қорығының директоры Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру жобасы, жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бөлімінің бас инспекторы Төлегенұлы Қажымұрат және «Бозоқ» музей-қорығының жас маманы Гүлзат Бөкешева шолу экскурсиясын өткізіп, елорда шегінде орналасатын Бозоқ ашық аспан астындағы ұлттық паркі туралы қысқа метражды фильм көрсетті, әзірленген туристік маршруттармен таныстырды.

«Бозоқ»музей-қорығына келушілер алғыс сөздерін айтты.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ДАЛА ҚҰПИЯЛАРЫ» атты ашық аспан астындағы музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

Подробнее »