Баспасөз-релизі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2021 жылғы 7 тамызда Ботагай - белгілігі археологиялық – сәулет ескерткішіндегі археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысын жасайды.

Белгілі археолог Марат Катайұлы Семби және Ә.Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Қайырбекұлы Сәкенов бастаған «Бозоқ» музей-қорығының бір топ ғылыми қызметкерлері белгілі археологиялық-сәулет ескерткіші – Ботағай қалашығын зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Дала жұмыстарына Қорғалжын ауылының жастары қатарынан еріктілер тартылды.

Ботағай кесенесі Ақмола облысы Қорғалжын ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде, Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен қаланған 10,67×8,53 м күмбезі бар төртбұрышты құрылыс. Кесененің айналасында шеберханалардың іздері, кірпіш күйдіру пешінің қалдықтары байқалады.

Алғаш рет бұл қаланың атауы 1694 жылы Ресей картасына енгізілген. Оны Тәуке ханға келген Ресей елшілері Ф.Скибин мен М. Трошин салған. Ол "Казак ордасы"деп аталатын 20 парақтан тұрды. Онда Қорғалжын көлі мен Хан ордасы арасында Нұра жағасында Бытығай деген қала бар екендігі айтылған. Онда адамдар болмаған. Мұнда Ұлы Жібек жолымен жүретін көптеген керуен жолдары біріктірілді.

Кесене 1949 және 1974 жылдары Әлкей Марғұланның басшылығымен Қазақ КСР Ғылым академиясының Орта Азия археологиялық экспедициясымен зерттелді. 2006 жылы ескерткішті «Қазреставрация»республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы жинақтау бөлімімен зерттелді.

Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бар, олар Дала өркениетінің, Нұра –Есіл өңіріндегі қалалық мәдениеттің дамуындағы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында тарихтың жаңа беттерін аша алады.

2021 жылғы 7 тамызда іздестіру жұмыстары аяқталады. Іс шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ғалымдар, археолгтар мен этнологтар, қоғам өкілдері. Өтетін орны:Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан Ботагай археологиялық ескерткішінің аумағы.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin