Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» 2021 жылғы 2 шілдеде Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған композиторлар, суретшілер, ақындар шығармашылық одақтар өкілдерінің қатысуымен «Көне Бозоқ - Еуразия түріктерінің мұрасы» атты далалық практикум өткізуді жоспарлауда.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ежелгі Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында, «Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін» тарихи-мәдени жобасының шеңберінде 2021 жылғы 2 шілдеде Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған композиторлар, суретшілер, ақындар шығармашылық одақтар өкілдерінің қатысуымен «Көне Бозоқ - Еуразия түріктерінің мұрасы» атты далалық практикум өткізуді жоспарлауда. Еліміздің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы, ежелгі Бозоқ қалашығы оның тарихи ізашары, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, дәстүрлі қонақжайлылықта және сындарлы әрі тепе-тең әріптестік негізінде диалог құру қабілетінде көрініс табатын бұл жердің данышпандарының ерекше аурасына ие.

Елорданың мереке күндері композиторлар, суретшілер, ақындар шығармашылық одақтардың өкілдері археологиялық ескерткіш - ежелгі Бозоқ қалашығымен танысады, өз шығармашылығында энеолит дәуірінен бастап этнографиялық қазіргі заманға дейінгі елорданың тарихы мен бейнесін көрсете алады және ағымдағы жылдың күзінде аяқталатын «Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін» жобасына бастама берді.

«Бозоқ» музей-қорығы шығармашылық одақтармен бірлесіп, 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында «Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін» тарихи-мәдени жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Астана күніне арналған концерт өткізуді жоспарлап отыр,онда композиторлар, ақындар мен жазушылар өздерінің жаңа туындыларын ұсынады.

Іс-шара аясында ежелгі Бозоқ қалашығынан қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі елорданың тарихын бейнелейтін, балалар мен жастардың назарын қазақ халқының тарихына, ұлттық мәдениетіне және өнердің әртүрлі түрлеріне аударуға ықпал ететін Қазақстан суретшілер суреттерінің көрмесі ұйымдастырылады. Практикум бағдарламасында археологиялық ескерткіш – ерте ортағасырлық Бозоқ қалашығы, сондай-ақ Бұзықты көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан XVIII ғасырдағы қазақ қыстауы бойынша экскурсия жоспарланған. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағы.

Басталуы: сағат 9. 00. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin