«БОЗОҚ –БІЛІМ АУМАҒЫ».

2021 жылғы 9 маусымда ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында тамысал ғалымен Семби Марат Қатайұлымен, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қ. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Тілеуғабылов Данияр Төлегенұлы мен Дүкенбайев Азамат Талғатұлының қатысуымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді.

«Музейге сый» акциясы аясында Марат Қатайұлы Семби «Бозоқ» музей-қорығына «Память земли тюрко-монгольской » (1 том) кітабын сыйға тартты.

«Память земли тюрко-монгольской» кітабында географиялық атаулардың семантикасы, этиологиясы мен этимологиясы, түркі-моңғол халықтарының тарихымен, мифологиясымен, этнографиясымен, фольклорымен тығыз байланысты топонимиканың бірқатар өзекті мәселелері қарастырылады.

Марат Қатайұлы сонымен қатар «Бозоқ» музей-қорығының қорына экспедицияның әртүрлі жылдарындағы фильмдерді (22 дана), сондай-ақ «Невада-Семей»конференциясына қатысушының белгісін тапсырды.

Тілеуғабылов Данияр Төлегенұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Қ.Ақышев атындағы Археология ғылыми - зерттеу институты қызметкерлерінің ұжымдық монографиясы «Сакральный ландшафт Сарыарки» атты кітабын сыйға тартты.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin