ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы 2021 жылдың 10 маусымында археологиялық ескерткіш пен жалпыұлттық маңызы бар киелі нысан – Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы көшпенділер жолымен» атты экспедициясының басталуы болып өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында былай деп жазады: «Бұндай іргелі ізденістердің жемісін тек мамандар ғана зерделеп, пайдаланбауы тиіс. Бұл бірегей білімді түсінікті және кең аудиторияға қолжетімді ету қажет».

Іс-шараға ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Рыспеков Дастан Адайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры., т.ғ.к. Хабдулина Марал Қалымжанқызы, Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Айтқожинова Алма Көкішқызы, Ұлттық ат спорты федерациясының өкілдері, «Аt-travel» ат клубының қатысушылары, Ақмола облысының (Целиноград ауданы) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, жұртшылық өкілдері қатысты. «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми хатшысы А.С. Ганиева, т.ғ.к., ерте ортағасырлық Бозоқ қалашығы, сондай - ақ Бұзықты көлінің оңтүстік - шығыс жағалауында орналасқан XVIII ғасырдағы қазақ қыстауы археологиялық ескерткіші бойынша шолу экскурсиясын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағынан Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының киелі орындары арқылы өтетін және Шығыс Қазақстан облысының Жидебай шатқалында аяқталатын ат экспедициясы басталды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »