Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2019 жылдың 26 желтоқсанында «Бозоқ тарихи-мәдени жобасы: 2019 жылғы қорытындылары және даму перспективасы» республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Цель семинара-анализ итогов реализации проекта за 2019 год, популяризация историко-культурного наследия.
Ғылыми-практикалық семинарда Қазақстан аумағында қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі әлеуметтік - экономикалық қатынастарды қалыптастыру мәселелері, Бозоқ археологиялық ескерткішіндегі жобалау–іздестіру жұмыстарының қорытындылары қаралды.
Семинарда үш ғылыми тұжырымдама ұсынылды:
– тұрғын үй дамуының эволюциясы (Самашев З.С., профессор, т.ғ.д.)
– керамика мен қыш ісінің дамуы(Ақымбек Е.Ш., А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD).
-Қазақстан территориясында металлургияның дамуы (Ермолаева А.С., А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері).
Республикалық семинар жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, Нұр-Сұлтан қаласының колледждері мен жалпы білім беру мектептерінің педагогтары, қоғам өкілдері қатысты.
Қазақстанның белгілі ғалымдарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының Алғыс хаттары табысталды.