Бозоқ қалашығы

Бозоқ қалашығы – (VII)VIII–IX ғғ.: орда-резиденция және культтік орталық

Бозоқты көлінің шығыс жағалауында пайда болған ең көне ескерткіш – Бозоқ қалашығы. Шығыс жағалаудың таңдалуы кездейсоқ емес: көктемгі су тасқыны кезінде Нұра мен Есіл өзендерінің арасындағы алқап су астында қалып, тек қалашық орналасқан Бозоқты көлінің шығыс биік жиегі ғана судан аман қалатын болған.

1

Қалашық орлар мен үймектермен қоршалған және үш жапырақты композиция түрінде орналасқан үш шаршы алаңнан («кварталдан») тұрады (1-сурет). Қалашықтың жоспарлануы – ғұндардан бастап Қазақ хандығына дейінгі көшпелі мемлекеттерге тән әскери орда мен резиденциялардың үш бөлікті құрылымының кеңістіктік үлгісі болып табылады.

2. Святилище (реконструкция В.Меденко)

Из трех кварталов наиболее полно изучен северный. Он представлял собой площадку размером 35×35 м, заглубленную в землю на 0,5 м. Площадка имела три линии ограждений: сначала деревянный тын, затем ров глубиной 2,5 м и шириной до 5 м, а снаружи – стена. Ширина ее основания составляла около 8 м, верхняя часть – 5 м, высота достигала 2–3 м. Стена была сложена из сырцового кирпича и пахсовых блоков, изготовленных из глины, извлеченной при рытье рва. Вход находился только с южной стороны, его ширина составляла 2,3 м.

Зерттелген алаңқайдың ортасында дөңгелек пішінді, киіз үйге ұқсайтын ғибадат орнының іздері табылған. Оның орталық бөлігінде орналасқан қабір шұңқырынан ғұрыптық жерлеу кездесті. Киіз үй тәрізді құрылыстан екі метр шығысқа қарай ағаш бағана орнатылған шұңқыр анықталды. Ғибадатхананың оңтүстік жағынан екі қатар ағаш шарбақ қойылған. Бұл шарбақтар ғибадат орнын жиылған жұрттан бөліп тұратын қоршау, немесе оған апаратын арнайы жол болуы ықтимал. Жалпы алғанда, ішкі ор мен сыртқы дуалдан тұратын қоршау жүйесі Түркі қағанаты дәуіріндегі киелі кешендердің дәстүрін жалғастырады (мысалы, Күлтегін храмы, Моңғолиядағы Күстолғай мен Қаракөл мемориалдары, Тывадағы Сарығбұлын мемориалы, Қазақстандағы Елеке сазы храмы).

Осылайша, бір мезгілде салынған үш кварталдан тұратын Бозоқ қалашығы VIII–IX ғасырлардағы тарихи үдерістермен, атап айтқанда қыпшақтардың этникалық бірігу кезеңімен байланысты. Қытай жазба деректерінде «сеяньто» атауымен белгілі қыпшақтардың алғашқы топтары VII ғасырдың ортасында Сарыарқаға еніп, өзнің этникалық кеңістігін қалыптастырды. Осы орайда Бозоқ қалашығы қыпшақ қауымдастығының киелі орталығы ретінде қызмет атқарған. Оның үш бөлікті құрылымы мен ғибадат орны қыпшақ мәдени дәстүрінің ерте кезеңін және оның көне түркі мәдениетінің мұрасымен тығыз сабақтастығын айқын көрсетеді.