Қол диірмен

Сипаттамасы: Диірмен ХХ ғасырдың басына жататын тұрмыстық еңбек құралы. Ол екі үлкен қына тастан жасалған. Жоғарғы тастың ортасында дән салатын арнайы тесігі (үнгісі) бар. Пайдалану барысында жоғарғы тас қол күшімен айналдырылады да, оның арасындағы бидай ұсатылып, ұнға айналады. Ұсатылған дән төменгі қозғалмайтын тастың астына жиналады.
Мұндай қол диірмендер қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығында астық ұнтақтау, тағам дайындау және тұрмыс қажеттіліктерін өтеу үшін кең қолданылған. Диірмен әйел еңбегімен тығыз байланысты, ал оның құрылымы – көшпелі және жартылай отырықшы мәдениеттің архетиптік еңбек дәстүрін көрсететін маңызды этнографиялық нысан болып табылады.

Көлемі: Диаметрі – 36 см

Табылған жері:

Табылған жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы.
Диірмен Д. Күзенбаев әулетінің отбасылық мұрасы ретінде сақталған. 2022 жылы музей қорына қабылданған.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты