2025 жылғы 28 қаңтарда «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы алаңында қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық дөңгелек үстел өтті. «Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы тарихи мұра» атты іс-шарада жазушының «Көшпенділер» және «Алтын Орда» сияқты көрнекті шығармалары талқыланды.

2025 жылғы 28 қаңтарда «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы алаңында қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық дөңгелек үстел өтті. «Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы тарихи мұра» атты іс-шарада жазушының «Көшпенділер» және «Алтын Орда» сияқты көрнекті шығармалары талқыланды. Бұл туындылар қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдерді айқын бейнелейді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына І. Есенберлин атындағы Мемориалдық музейдің директоры Ұлболсын Даниярқызы Комбатурова (Ақмола облысы, Атбасар ауданы) қатысты. Ол өз баяндамасында жазушының өміріне, шығармашылық мұрасына, сондай-ақ жазушының музейінің ашылуына және оның тарихи-көркем туындыларынын насихатталуына ерекше назар аударды.

«Бозоқ» музей-қорығының бас инспекторы Жанболат Асқарұлы Қазанбаев Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі мен оның әлемдік қауымдастықтағы қазақ мәдениетін қабылдауына әсерін талқылады. Дөңгелек үстелге зиялы қауым, ғылыми қауымдастық өкілдері және №91 мектеп оқушылары қатысты. Шара аясында Ілияс Есенберлиннің жеке заттарынан ұйымдастырылған көрме өткізілді (заттар І. Есенберлин атындағы музей тарапынан ұсынылған).

Дөңгелек үстелге қатысқан және ынтымақтастық көрсеткен І. Есенберлин Мемориалдық музейінің директоры У.Д. Комбатуроваға алғысымызды білдіреміз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы ҚАРАӨТКЕЛ ауылының IT МЕКТЕП- ЛИЦЕЙІНІҢ ұйымдастыруымен өткен аудандық конференцияға қатысты.

Подробнее »

2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің "БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Астана қаласы әкімдігінің "ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

Подробнее »