2021 жылдың 28 мамырында ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің өзара іс-қимыл негізінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өңірлік музейлер арасындағы телекөпір форматында онлайн режимінде «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» жобасы бастау алды.

«Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» телекөпірінің тікелей эфиріне онлайн форматта ҚР Парламентінің, барлық өңірлердің мәдениет басқармаларының өкілдері, музей қызметкерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, өңірлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ 1937-1945 жылдары туыстары мен жақындары қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтар қатысты.

Офлайн режимде тарихшы ғалымдар, саясаттанушылар, ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, блогерлер қатысты. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, офлайн режимде қатысушылардың жалпы саны 30 адамнан аспады. Шара ZOOM және Instagram Facebook-тағы Воzoq Museum, YouTube платформаларында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл жоба Қазақстан қоғамының назарын өзектендіруге және тоталитаризм мен қуғын-сүргін жылдары еліміздің тарихындағы оқиғаларға үн қосуға бағытталған. Телекөпір барысында өңірлік музейлер қызметкерлері «Алаш» партиясының қазақ зиялылары өкілдері туралы материалдардың тұсаукесерін, қазақстандық және шетелдік қуғын-сүргінге ұшырағандардың өмірі мен шығармашылығы туралы бейне слайдтар, ГУЛАГ лагерлерінде болған немесе жоғалып кеткен қуғын-сүргін құрбандарының туыстарымен сұхбат көрсетті, іс жүзінде барлық музейлер билингвистермен осы тақырып бойынша экспозициялық-көрме кеңістігі бойынша бейнеэкскурсиялар өткізді.

Саяси ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали: «31 мамыр-бұл тек еске алу ғана емес, сонымен қатар халықтың бірігуіне ықпал ететін және ағарту жұмыстарын жүргізуге және қатысуға ықпал ететін идеологиялық күн. Бүгінгі күні архивтік материалдарды зерттеуді кеңейту туралы мәселе тұр, әрбір өңірде өткен ғасырдың қайғылы оқиғаларының құрбандарының архивтік құжаттарын, фотосуреттерін, деректерін іздеу және қалпына келтіру бойынша жұмысты жандандыратын шығармашылық ұйымдар құру қажет. Осындай ауқымдағы жобаны өткізу тек тарихшылар, саясаттанушылар және саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де өзекті және қажетті болып табылады».

Жобаның авторы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларды есепке алу бөлімінің басшысы – Тоғжан Темірғалиқызы Әділбекова – «Модератор және жобаның авторы ретінде мені осы жобаға итермелеген тарихты айтқым келеді. Менің анамның атасы Бекин Рахим оқыған адам болған. 20ншы жылдары ол балаларға шешек ауруына қарсы екпе жасады. Ал Рысты әжем үшін әкесі қалын мал алып қойған. Әжем мінезді болған, сонымен қатар, қалыңдық 19 жаста еді. Ол атаммен бірге қашып кетті. Атам Рахым барлық інілерін оқытты. Олар ҚазПИ-дің алғашқы түлектері болды. Үздік дипломмен бітірді. 40-ншы жылдары атам колхоздың төрағасы болған. Қыстан кейін мал қырыла бастады және оны жау ретінде Петропавлға жер аударды, ол сонда ізтүссіз жоғалып кетті.

Мен Петропавл педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетіне оқуға түстім. Біздің факультет зират орнына салынған жаңа жатақханада тұрды. Осындай қаншама тарихи оқиғалар бар? Атауы жоқ жататындар!».

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сауле Букиханқызы атап өткендей, «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда»» онлайн-телекөпір жұртшылықтың игілігі болып табылады. Саяси қуғын-сүргін кезеңі әрбір қазақстандық отбасына әсер етті. Өкінішке орай, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының шежіресі шексіз. Ел болашағы көбінесе жас ұрпақтың азаматтық ұстанымына байланысты, сондықтан жас қазақстандықтардың азаматтық-патриоттық қалыптасу процестерін басқарудың маңыздылығы барған сайын өзекті бола түсуде. Біз болашақ ұрпақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен миллиондаған отандастар туралы естеліктерді ұқыпты сақтауға және мұндай оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеуге тырысамыз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin