2024 жылғы 27 қарашада "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына музей сабағын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: өз елінің тарихын зерделеу арқылы өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу және рухани мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында балалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған "Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық саябақты құру" жобасы туралы фильммен танысты. "Бозоқ" музей-қорығының ғылыми қызметкері Жамболат Қазанбаев оқушыларды тарих, өнер және мәдениет әлемімен таныстырды, ал музей қызметкерлері Құлжанова Бақыткүл Темірбайқызы мен Сыдығалиев Сұңқар көлемді макет негізінде ұлттық парк құру жобасы туралы айтып берді.

Музей сабағы оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту мүмкіндігіне айналып қана қоймай, мәдени мұраға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етті. Сабақ әр оқушы үшін пайдалы болды деп үміттенеміз! Ашық аспан астындағы Ұлттық саябақты құру жобасы болашақта елорда тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени орталыққа айналады, сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмнің өсуін қамтамасыз етеді

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »