2021 жылғы 24 қарашада ҚР МСМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері жұмыс кеңес барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін басты бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылады.

"Жеті тұғырында" тәуелсіздік, бірлік, экология, отбасылық құндылықтар, ұлттық мәдениет, білім мен еңбексүйгіштікке, прагматизмге ұмтылу сияқты мемлекет дамуының басым бағыттарының мәселелері көрсетілген.

Әр қызметкер елдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікірімен бөлісті. "Бозоқ" музей-қорығы Елбасының Қазақстан халқына мәлімдемесінде көтерілген барлық қағидаларды толық қолдайды және барлық міндеттерді іске асыруында белсенді қатысуға дайын.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »