2025 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы, АРАЙЛЫ ауылындағы ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН мектепте ұйымдастырылған "ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ" аясында танымдық іс-шара өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты — оқушылардың тарихи сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық мұраны құрметтеуге тәрбиелеу және археологиялық ескерткіштердің маңызын ұғындыру болды.

с-шара барысында музей-қорықтың ғылыми хатшысы МЫСЫР ОЛЖАС ДӘУРЕНҰЛЫ, бас инспектор ҚАЗАНБАЕВ ЖАНБОЛАТ АСҚАРҰЛЫ және ғылыми қызметкер КУАНДЫКОВА ГУЛЬНАЗ тақырыптық баяндамалар жасап, БОЗОҚ қалашығының археологиялық, тарихи және мәдени маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.

Баяндамаларда ортағасырлық БОЗОҚ қалашығының Еуразия кеңістігіндегі тарихи орны, оның геостратегиялық маңызы мен Ұлы Дала өркениетіндегі рөлі туралы деректер келтірілді. Сонымен қатар оқушыларға археологиялық зерттеу әдістері мен ескерткіштерді сақтау мәселелері жөнінде мәліметтер беріліп, «БОЗОҚ» музей-қорығының негізгі ғылыми бағыттары таныстырылды.

Мұндай танымдық іс-шаралар өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, олардың отансүйгіштік қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» Министерства культуры и информации Республики Казахстан подводит итоги республиканского дистанционного конкурса, приуроченного ко Дню Республики, среди обучающихся организаций общего среднего, технического и профессионального образования 2025 года на тему: «Елорда тарихындағы Ежелгі Бозоқ қалашығы»

Подробнее »

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »