2025 жылғы 21 сәуірде ҚР МАМ МК “БОЗОҚ” мемлекеттік музей қорығында BINOM.ALTYNSARIN мектебінің 9-сынып оқушылары көне Бозоқ қалашығының тарихына арналған ғылыми жобалары аясында “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері АЙНАГҮЛ САБИТОВНАМЕН сұхбат жүргізді.

Сұхбат барысында оқушылар Бозоқ қалашығының ежелгі тарихы, археологиялық зерттеу әдістері, тарихи-мәдени мұраны сақтау және музейлендіру мәселелері туралы терең мағлұмат алды. Сонымен қатар, сұхбат ғылым мен білімнің сабақтастығы, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және тарихи сананы дамыту бағытындағы маңыздылығымен ерекшеленді.

Көне Бозоқ – Еуразия даласындағы ортағасырлық қала мәдениетінің көрнекті ескерткіші ретінде, елорданың тарихи бастау көзін айқындайтын археологиялық нысан. Мұндай жобалар жас буын өкілдерінің тарихи танымын кеңейтіп қана қоймай, олардың зерттеушілік әлеуетін дамытып, ғылыми ізденіске баулиды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »