2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде «БОЗОҚ – БІЛІМ АУМАҒЫ» мәдени-ағартушылық платформасы аясында кезекті танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жолы елордалық №91 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 6-сынып оқушылары музейдің құрметті қонақтары болды.
