2024 жылғы 5 шілдеде ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы археологиялық ескерткішті және жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысанды – Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында "Ғасырлар шежіресі: Бозоқтан Астанаға дейін"тақырыбында Қазақстан астанасы – Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.