Бүгін ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» музей-қорығының қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тікелей эфирде тыңдады.
«Бозоқ» қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Сұрағанова Зубайда Қабиқызы, «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан» телемарафонына қатысты. Телемарафонның басты мақсаты – «Қайырымдылық – Наурыз мейрамының басты қағидасы». Этнограф Зүбайда Қабиқызы Наурыз мейрамын тойлаудың күнтізбелік салт-дәстүрлеріне тоқталды.
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Бахыт Хасенованың «Бозоқ ІІ қыстауының материалдары бойынша қазақ үй құрылысының дәстүрлері» мақаласы ҚAZMUSEUM.KZ порталында шыкты.
«Әз-Наурыз мейрам толқыны жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2022 жылдың 17 наурызында Наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурыз мейрам толқыны жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» этнографиялық мерекесін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараға жетекші отандық ғалымдар мен Ақмола облысы Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысады.