Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» 2021 жылғы 2 шілдеде Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған композиторлар, суретшілер, ақындар шығармашылық одақтар өкілдерінің қатысуымен «Көне Бозоқ - Еуразия түріктерінің мұрасы» атты далалық практикум өткізуді жоспарлауда.