2025 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ДАЛА ҚҰПИЯЛАРЫ» атты ашық аспан астындағы музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

2025 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ДАЛА ҚҰПИЯЛАРЫ» атты ашық аспан астындағы музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

Осы ретте Астана қаласындағы NIS IB (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ) мектебінің тарихқа, этнографияға мен археологияға қызығушылық танытатын 150-ден астам дарынды оқушысы тарихи-мәдени «Бозоқ» жобасын насихаттауға өз еркімен үлес қосуға ниет білдірді. Осы бастаманың аясында музей-қорық ашық аспан астында музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

Музейлік сабақтарды көрнекті ғалымдар — МАРАЛ ҚАЛЫМЖАНҚЫЗЫ ХАБДУЛИНА, СУРАГАНОВА ЗУБАЙДА КАБИВНА және ғАНИЕВА АЙНАГҮЛ СӘБИТҚЫЗЫ жүргізді. Олар оқушыларға «Бозоқ» жобасының тарихи және мәдени маңыздылығын жан-жақты таныстырып, археология мен этнография саласындағы ғылыми білімдерін ұсынады.

Бұл шара жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыруға, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға және ұлттық тарихи-мәдени мұраны құрметтеуге бағытталған. Мемлекет басшысы ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында білім мен тәрбиені бірге беру қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Музейлік сабақтар «Бозоқ» археологиялық саябағының Оңтүстік кіреберіс қақпасы – «АРҚА» қабырғаларына көтеріліп аяқталады, бұл жас ұрпақтың рухани тамырына үңілуінің және ата-баба мұрасына бет бұруының маңызды символы болып табылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ күніне орай өткізілетін бұл іс-шара жас ұрпақтың азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға, тарихи-мәдени мұраға, этнографиялық дәстүрлер мен археологиялық өткенге терең бойлау арқылы толыққанды тұлға болып жетілуіне ықпал етеді.

Қатысушылар Ұлы дала өркениеттері аясындағы Көне Бозоқ қалашығының маңызымен танысып, Еуразия даласындағы мәдени кодтарды интерактивті түрде зерттейді. Сонымен бірге еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарау, патриоттық ұстанымды қалыптастыру және ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ жасампаз буынына айналу идеялары кеңінен талқыланады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 29 тамызда "БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында көне «Бозоқ» қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру тарихи-мәдени, архитектуралық жобасы тұжырымдамасының ғылыми құрамдас бөлігіне сәйкес жобаны іске асыру мәселелері жөніндегі ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Подробнее »

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ХАБДУЛИНА М.Қ., ТІЛЕУҒАБҰЛОВ Д.Т., ДУКОМБАЕВ А.Т. және т.б. авторлардың «Сарыарқаның сакралды ландшафты» атты монографиясын талқылауға арналған ғылыми семинарлар циклі өтіп жатыр.

Подробнее »