2024 жылғы 2 желтоқсанда ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы кеңсесінде "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп-лицейінің білім алушыларына арналған музей сабағы өтті.

7 сынып оқушылары Ерғалиева Дильназ және Серік Сәнім тарих пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Лаззат Көшерқызының жетекшілігімен " Орта ғасырдағы Бозоқ қаланың тарихы және болашағы "тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

"Бозоқ" музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Жанболат Асқарұлы Қазанбаев кеңес беріп, көлемді макет негізінде Бозоқ ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы туралы айтып берді.

Тарих пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Лаззат Көшерқызы мектеп оқушыларын музей сабақтары мен экскурсиялар арқылы ел тарихын тереңдетіп зерттеуге белсенді тартады.

Музей сабағы белсенді, мазмұнды және танымдық оқыту үшін, сондай-ақ оқушылардың Қазақстанның тарихи мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыру үшін керемет мүмкіндік болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары үшін "Тарих призмасы арқылы тәуелсіз Қазақстанның болашағына жаңа көзқарас" тақырыбы бойынша көшпелі музей-сабағын өткізді.

Подробнее »

Жаңалықтар 24KZ Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. Оқырманға жол тартқан жаңа жинақ «Қазақ қамшысы» деп аталады. Көшпенді халықтың тұрмысы мен салтын, мәдениеті мен ғұрпын дәріптеген еңбектің авторы – жазушы-этнограф Болат Бопайұлы. Ол жауһар жәдігер саналатын ұлттық бұйымның киесі мен қасиетін, тарихтағы орнын кітапқа сыйдырған.

Подробнее »